Петр Врублевский орыстар туралы айтқаны үшін кешірім сұрады

709

Врублевский қазір демалыста.

Петр Врублевский орыстар туралы айтқаны үшін кешірім сұрады

Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский орыстарға қатысты айтқан сөзі үшін кешірім сұрады. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Біз украин елшісін шақырдық, ол орын алған жағдай үшін кешірім сұрады. Бұл сөздерді еліндегі соғысқа байланысты айтқанын хабарлады" - деді Айбек Смадияров. 

Ведомство өкілінің хабарлауынша, Врублевский қазір демалыста екен. 

Айта кетейік, бірқатар БАҚ-та Врублевскийдің отандық блогер Диас Кузаировқа берген сұхбатынан үзінді тарады. Елші орыстар туралы дөрекі сөздер айтқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу