Петропавл – Астана тасжолында ірі есірткі партиясы тәркіленді

362

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 464 келіні құрады.

Петропавл – Астана тасжолында ірі есірткі партиясы тәркіленді Фото: Polisia.kz-

Солтүстікқазақстандық полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Аса ірі мөлшердегі марихуана партиясы тәркіленді. Күдіктілерді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері құрықтады, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Петропавл – Астана автожолында тәртіп сақшылары Volkswagen Passat автокөлігінің жүк салғышынан өсімдік тектес зат салынған 5 қап тәркіледі. Сараптама оның жалпы салмағы 128 келі кептірілген марихуана екенін көрсетті. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Кейінірек тінту шаралары барысында ұсталғандардың бірінің көлікжайынан 300 келі марихуана мен 21,3 келі гашиш жасырылған орын анықталды. Осылайша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 464 келіні құрады.

Көлік ішінде 29 және 30 жастағы екі петропавлдық болды. 29 жастағы күдікті бұрын есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмысы үшін істі болған.

– Бұл соңғы 10 жылда облыс полицейлері тәркілеген ең ірі марихуана партиясы. Аталған факті ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдіктілер қамауға алынды, тергеу жүргізіліп жатыр, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу