Петропавл ауруханасында науқастар шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді

867

Ауруханада бомба бар деген хабар түскен. 

Петропавл ауруханасында науқастар шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді

Петропавлдағы облыстық ауруханада шұғыл эвакуация жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Көпбейінді облыстық аурухананың дерегінше, биыл 15 сәуір түсте аурухана зертханасына белгісіз біреу телефон шалып, бомба бар екенін айтқан. Зертхана дәрігері бірден төтенше жағдай кезіндегі хабарландыру схемасына сәйкес әрекет еткен.

"Аурухана әкімшілігі арнайы қызметтермен бірлесіп ғимараттан 250-ден аса науқас пен қызметкерді шығарды. Науқастардың жағдайына қарай оларды емхананың акт залы мен хирургиялық корпус ғимаратына уақытша орналастырды. Жағдайы ауыр пациенттер хирургия бөлімшесі мен созылмалы гемодиализ және нефрология бөлімшесіне жатқызылды", – деп жазылған хабарламада.

Барлық науқасқа толық медициналық көмек көрсетілді. 

Сондай-ақ ауруханадан қауіпсіз жерге көшірілген пациенттер азық-түлік және ауыз сумен қамтамасыз етілген. Алайда ауруханада бомба қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты. Пациенттер палатасына, ал қызметкерлер жұмыс орнына оралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу