Петропалда мемлекеттік бағдарлама бойынша гранттарды рәсімдеп, алаяқтықпен айналысқан департамент қызметкері анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманына қатысты қылмыстық істі тіркеді.
"Ол бизнес-идеяларды іске асыруға арналған "Еңбек 2017-2021" мемлекеттік бағдарламасы бойынша гранттарды ресімдеумен айналысты. Тергеу барысында бағдарламаға қатысушылар бөлінген ақшаны алмағаны және ол қаржы қылмыс жасауға қатысы бар адамдардың жеке мақсаттары үшін пайдаланбағаны анықталды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді", - деп жазылған хабарламада.
Cот күдіктіге қатысты 2 айда "үйқамақта ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.