Петропавл қаласының мектебіндегі төтенше жағдай: екі оқушы жансақтау бөлімінде жатыр

956

Петропавлдағы мектепте балтамен соққыдан жарақат алған екі бала жансақтау бөлімінде жатыр.  

Петропавл қаласының мектебіндегі төтенше жағдай: екі оқушы жансақтау бөлімінде жатыр Фото: azh.kz

Бұл туралы inbusiness.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

№4 орта мектептегі төтенше жағдай салдарынан 15-16 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары Солтүстік Қазақстан облысының облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында бір қыз және екі ұл бала бар. Олардың бірі балтамен тап берген 15 жастағы оқушының сыныптасы екені белгілі болды.

2023 жылғы 13 ақпан күні сағат 08:26-да "Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы" ШЖҚ КМК жедел жәрдем бөліміне түрлі жарақаттармен 3 бала жеткізілді. Зардап шеккендердің біріне алған жарақаттарының сипатын және ауруханаға жатқызу көрсеткіштерінің жоқ екенін ескере отырып, жедел жәрдем бөлмесінде көмек көрсетілді, амбулаторлық ем тағайындалды.

Зардап шеккен екі оқушы шұғыл түрде операция бөлмесіне жеткізілді, жарасына анестезиямен хирургиялық емдеу жүргізілді. Дәрігерлер сонымен қатар бірқатар қажетті диагностикалық шара мен арнайы мамандардың кеңесін жүргізді. Қазіргі уақытта екі баланың да жағдайы тұрақталды, науқастар жансақтау бөлімінде жатыр.

Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, салдарынан үш бала зардап шекті. Кейін 15 жастағы жасөспірімнің "Депрессия" диагнозымен психиатриялық есепте тұратыны анықталды. Ол қаладағы №4 орта мектепте 2022 жылдың қараша айында ауысып келген. Оқу ісі меңгерушісінің айтуынша, тоғызыншы сынып оқушысы мүмкіндігінше оқыған, өзін сабырлы, салмақты ұстаған.

Оқу-ағарту министрлігі 13 ақпан күні Петропавлдағы төтенше жағдайдан кейін елдегі барлық мектептің қауіпсіздігі тексерілетінін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу