Петропавл тұрғыны есірткі сатқаны үшін сотталды

537

Сот 30 жастағы тұрғынға 10 жыл 5 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Петропавл тұрғыны есірткі сатқаны үшін сотталды Фото: Polisia.kz

СҚО-да полицейлер 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркілеген есірткі жасырушы сотталды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер есірткі жасырушы әйелді өткен жылдың күзінде арнайы орындарға жасыруға дайындап қойған синтетикалық есірткі салынған 20 қапшықпен ұстады. 

Оның пәтерінен 1 келіден аса ірі мөлшердегі α-PvP немесе тұз деп аталатын қауіпті есірткі тәркіленді. Қауіпті тауарды мемлекет астанасынан әкелгені анықталды. Көктемде сот оған үкім шығарды. Қазір ол бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр. 

"Полиция қызметкерлері есірткі жеткізу арналары мен сату фактілерін анықтауға және олардың жолын кесуге бағытталған ауқымды жұмыс жүргізуде. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің санкциясына сәйкес 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жаза көзделген. Жыл басынан облыста соттар есірткі саудалаушыларға қатысты 10 үкім шығарды", дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди. СҚО полицейлері қаңтар айынан бастап заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркілеп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу