Петропавлда 20 адам "доңыз" тұмауына шалдықты

375

30 мыңға жуық адамға жедел респираторлы вирустық инфекцияға, 269 адам тұмау жұқтырған. 

Петропавлда 20 адам "доңыз" тұмауына шалдықты Фото: tengrinews.kz

СҚО әкімдігінде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиын өтті. Оған себеп жоқ емес, ЖРВИ-мен ауыру 1,6 есе, тұмауды жұқтыру 7,7 есе артқан, деп жазады inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, 1 қазан – жаңа эпидемиологиялық маусым басталғалы өңірде 29 581 адам ЖРВИ жұқтырған, өткен жылы 18 мыңға жуық адам ауырған. Сондай-ақ биыл ауырғандардың 65% - 14 жасқа дейінгі бала.

"14 қазаннан бері өңірде гриппті жұқтырудың 269 жағдайы тіркелді. Былтыр небары 35 адам ауырған еді. Биылғы 20 жағдай "доңыз" тұмауына қатысты. 4 адамға H3N2, яғни "Гонконг" тұмауы диагнозы қойылды.

Ауырғандардың 52-сі – жүкті әйел, 84-і 14 жасқа дейінгі бала", - дейді Әсет Жұматаев.

Тұмауды жұқтырғандардың басым бөлігі Петропавл қаласының тұрғындары.

"Эпидемиологиялық маусым басталғалы 16 қаңтарға дейін ЖРВИ-мен стационарларда 748 адам жатып, ем алып шықты. Олардың 96-сы жүкті әйел, 599-ы – бала. Жалпы ауырғандардың 65% - балалар.

Коронавирус инфекциясы кезінде мектептерде балалар қашықтан білім алды, балабақшалар жұмыс істеген жоқ. Салдарынан балаларда тиісінше иммунитет қалыптаспады. Сондықтан бүгінде олар жиі ауыратын болған", - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.

Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, стационарларда тұмаумен 10 адам жатты, тағы алтауы "доңыз" тұмауынан емделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу