Петропавлда 21 әскери қызметкер қызылша жұқтырды

307

 Стационарлық емдеуде 9 курсант бар.

Петропавлда 21 әскери қызметкер қызылша жұқтырды

12 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Петропавл қаласының модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына "асқынусыз қызылша" диагнозымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Академиясының 21 әскери қызметшісі жатқызылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта 12 курсант сауықты. Стационарлық емдеуде 9 курсант бар. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Бұл жағдай тұрғындар арасында қызылша бойынша жалпы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және вакцинаның аз болуына байланысты орын алды.

"Басшылық құжаттарға сәйкес, 23 қарашада Академияның 30 жасқа дейінгі жеке құрамына қызылшаға қарсы шұғыл иммундау жүргізілді.

Бұл дерек бойынша Бас қолбасшылықтың әскери-медициналық басқармасы офицерлерімен эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу