Петропавлда 48 жастағы әйелді көлік қағып кетті, ол қалалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 1 маусымда Интернационал көшесінде болған.
38 жастағы ер адам Audi 89 автокөлігімен көшені белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткені белгілі болды.
48 жастағы әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушіден медициналық куәландыру өткізу үшін қан алынды.
Көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу