Петропавлда 7 және 4 жастағы екі бала пештен иіс тиіп уланды

329

Қазір олар Солтүстік Қазақстан облыстық көпсалалы балалар ауруханасында ем алуда. 

Петропавлда 7 және 4 жастағы екі бала пештен иіс тиіп уланды Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт қадағалау басқармасының бастығы Аслан Ахметжановтың айтуынша, оқиға 23 қаңтар күні Петропавлдағы Смирнов көшесіндегі жер үйлердің бірінде болды, деп жазады inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

7 және 4 жастағы екі бала пештен иіс тиіп уланды. Олар бірден облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір жағдайлары орташа, ем алып жатыр.

"Балалардың улануына пеш мұржасын ерте жауып тастау себеп болған. Үйде балалардың жанында 30 жастағы анасы болған, келіншектің жағдайы жаман емес, тұрақты", - дейді Аслан Ахметжанов.

Жалпы СҚО-да жыл басталғалы 37 өрт тіркелді. Өткен жылы 27 өртте бір адам мерт болды. Сондай-ақ биыл 6 адам өрттен қаза тапты. 2 адам түрлі дене жарақатын алды. 4 адамға иіс тиіп уланды, олардың біреуі қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу