Петропавлда ер адам итті құтқарамын деп суық суға толы құдыққа түсіп кеткен

210

Абырой болғанда тұрғын аман қалды.  

Петропавлда ер адам итті құтқарамын деп суық суға толы құдыққа түсіп кеткен Фото: istockphoto.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Петропавл тұрғынын құдықтан шығарып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ер адам құдыққа құлаған итті өз бетінше құтқаруға бел буып, тереңге өзі түсіп, итті достарына беріп жіберді. Алайда өзі суық суға толы терең ұңғымадан шыға алмай қалды.

"Достарының шақыртуы бойынша келіп жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері альпинистік жабдықтың көмегімен ер адамды тұзақтан шығарды. Оған медициналық көмек қажет емес еді", - делінген министрлің таратқан хабарламада.

Мамандар өздігінен құдыққа түсу өте қауіпті екенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу