Петропавлда газ қымбаттады. Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінен көгілдір отынның 6,6 пайызға өскенін хабарлады.
Қаланы газбен қамтамасыз етіп отырған "Горгаз-сервис" ЖШС бір ай бұрын бағаны 15,5 пайызға көтеруді сұраған. Дегенмен, ТМРБҚ департаментіндегілер қарастыра келе, 1 текше метр көгілдір отын үшін қосымша құн салығын қоса есептегенде 522 теңге деп белгіледі.
Тарифті көтеруге көтерме саудадағы бағаның қымбаттауы әсер еткен. 1 қаңтардан бастап еліміздегі зауыттар өз өнімдеріне бағаны қымбаттатқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу