Петропавлда кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасаған басшы сотталды

813

Петропавлда кәсіпкерлердің жұмысына кедерге жасап, пара алған басшы мен оның орынбасарына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Петропавлда кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасаған басшы сотталды

Биыл 22 қыркүйекте Петропавл қалалық сотының үкімімен "Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты Шаруашылық басқармасының басшысы Жұмабаев 7 жылға, оның орынбасары Сағдеев 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды.

"Олар жылу жүйесін жөндеу бойынша Мемлекеттік сатып алудың жалған шарттарын жасау арқылы 5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. 
Сонымен қатар сотта Жұмабаевтың Мемлекеттік сатып алу шарттарын кедергісіз жасағаны үшін 3 кәсіпкерлік субъектісінен жалпы сомасы 1 млн теңге көлемінде пара алғаны дәлелденді", – деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу