Петропавлда көлік тонаумен айналысқандарға қатысты сот үкімі күшіне енді

571

Олардың бұрын істі болғаны белгілі болды. 

Петропавлда көлік тонаумен айналысқандарға қатысты сот үкімі күшіне енді Фото: google

Петропавлда көлік тонаумен айналысқан 18 және 28 жасар екі тұрғынға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, қаскөйлер қараңғыда әрекет еткен.

"Иелері есіктерін жабуға ұмытып кеткен қаңтарулы тұрған автокөліктердің ішіне еніп отырған. Екі жағдайда шыныларын сындырған. Олар көлік салонында, жүксалғыштарында қалдырылған заттарды алып кетіп отырған. Тоқсан би көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында қаңтарылып тұрған BMW автокөлігінен айыпталушылар 12 мың теңге салынған әмиянды, банктік карталар мен көлікті тіркеу куәлігін қолды қылған. Бес эпизодтың төртеуі тамыздың 31-не қараған түні жасалыпты. Көлік ұрыларының алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Қалалық ПБ тергеу бөлімінің бастығы Нұржан Омаровтың сөзінше, күдіктілер қыркүйек айының басында қамауға алынған. 

"Екеуі де бұрын істі болған. Кішісі бұған дейін кәмелетке жасына жетпей тұрып, қылмыстық әрекеттерге барған. Сот оған 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі, ал жанындағы сыбайласына 4 жылға бос бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады", - деді Нұржан Омаров. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу