Петропавлдағы № 4 мектепте бірнеше баланы жарақаттаған 9-сынып оқушысынан қолындағы балта-пышағын тартып алған екі жасөспірім бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Петропавлға ҚР Қорғаныс министрлігінен ақпараттық-насихаттау тобы келіп, "Жаңа Қазақстанның тірегі - Айбынды жастар" патриоттық акциясын өткізіп жатыр. Мақсат - Қарулы Күштердің және әскери қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ жастарды Отан алдындағы борышын орындауға шақыру және әскери-патриоттық тәрбие беру.
Салтанатты іс-шара барысында ерлік көрсеткен екі жасөспірім - № 4 мектептің оқушылары Нұрислам Сандыбай және Алдияр Нұртаев марапатқа ие болды.
Еске сала кетсек, мектепке қару алып келген оқушы балаларды жарақаттады.