Петропавлда өрт сөндірушілер жеке үйді тілсіз жаудан қорғады

371

Құтқарушылар өрттің көршілес нысандарға таралуына жол бермеді.  

Петропавлда өрт сөндірушілер жеке үйді тілсіз жаудан қорғады Фото: Бейнежазбадан

Петропавлда Крепостная көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жедел жетіп, қызыл жалынды сөндірді.

Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар жалынның көршілес нысандарға таралуына жол бермей, автокөлік пен үй иелерінің жеке мүлкін сақтап қалды.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу