"Қызылжар су" ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Жұмабаев-Абай көшелеріндегі учаскеде диаметрі 800 мм су құбыры зақымданған. Қазіргі уақытта осы апат болған учаскеде суды сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Қалаға баратын судың қысымын уақытша төмендетуге тура келді. Бір сағаттан кейін ол қалпына келтіріледі. Бірақ, су құбыры зақымданған учаскедегі 10 көп қабатты үйге су тек бір тәуліктен кейін ғана, апаттың салдары жойылғаннан соң берілмек", – деді кәсіпорынның баспасөз хатшысы Индира Қалиева
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу