Сотқа дейінгі тергеу "Бөтеннің мүлкін абайсызда бүлдіру" бабы бойынша жүргізіледі.
Қажетті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Істің мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлайды облыстық полиция басқармасы.
Еске сала кетсек, Петропавлда техникалық қызмет көрсету стансасында жарылыс болды. 9 адам зардап шекті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу