Петропавлда жантүршігерлік жол апатынан әйел адам көз жұмды

390

Сондай-ақ, тағы үш адам жарақат алған.

Петропавлда жантүршігерлік жол апатынан әйел адам көз жұмды Фото: ЖИ

Қайғылы жол апаты Петропавл қаласындағы қиылыстардың бірінде болған. ВАЗ-2111 және Audi A6 көліктері соқтығысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Полиция қызметкерлері 21 қараша күні сағат 10:54 шамасында Петропавл қаласындағы Уәлиханов пен Гашек көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. ВАЗ-2111 және Audi A6 автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан түрлі жарақат алған төрт адам медициналық мекемелерге жеткізілді. Олар – Audi A6 көлігінің 29 жастағы жолаушысы, ВАЗ-2111 көлігінің 50 жастағы жолаушысы мен 54 жастағы жүргізушісі, сондай-ақ 36 жастағы жаяу жүргінші. Кейін 50 жастағы жолаушы әйел ауруханада көз жұмды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу