Петропавлда жеңіл көлік аялдамаға соғылды: Бір адамның жағдайы ауыр

517

Бес адам зардап шекті.

Петропавлда жеңіл көлік аялдамаға соғылды: Бір адамның жағдайы ауыр Фото: google.com

Петропавлда түс уақытында жеңіл көлік автобус аялдамасына соғылып, бес адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Петропавлда болған жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жеңіл көлік адамдар тұрған автобус аялдамасын соққан.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы жедел жәрдем қызметіне шақырту сағат 13.39-да түскен. Мамандар үш минут ішінде апат орнына жетті.

"Екі адам жеңіл жарақат алды. Олар алғашқы медициналық көмектен бас тартты. Ал үш адам қалалық ауруханаларға жеткізілді.

Бірінші әйелдің миы соғылған, бас сүйегі сынған, жағдайы ауыр, көп бейінді облыстық ауруханаға жеткізілді.

Екінші әйел көп бейінді қалалық ауруханаға апарылды, оның жіліншігі сынған, жағдайы ортанша. Зардап шеккендердің үшіншісі ер адам, жабық бас-ми жарақатын алды", - делінген басқарманың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу