Петропавлда жол ақысын төлемей автобустан түсіп кетпек болған жолаушы жүргізушіні мойнынан буындырған

448

 Сотқа дейінгі тергеу басталды.   

Петропавлда жол ақысын төлемей автобустан түсіп кетпек болған жолаушы жүргізушіні мойнынан буындырған Фото: polisia.kz

Петропавл қаласында 5 “М”бағытындағы автобуста жолаушы қажетті аялдаманы өткізіп алып, жол ақысын төлеместен автобустың ортасындағы есіктен шықпақ болған.

Автобус Қизатов көшесіндегі аялдамада тоқтап тұрған кезде ер адам жүргізушімен және басқа жолаушымен жанжалдасып, бұзақылық әрекеттерін жасаған.

Осы факті бойынша облыс орталығының 67 жастағы тұрғыны ұсталды.

ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі “Бұзақылық” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу