Қайғылы оқиға 25 мамыр күні сағат 20:16 шамасында Петропавлдағы Потанин көшесінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Porsche Cayenne автокөлігін басқарған 24 жастағы жүргізуші кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Ауыр жарақат алған 12 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды. Сараптама алкогольдік ішімдік тұтынбағанын көрсетті.
Оқиғаның мән-жайы анықталады, қазір осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, жолда мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындауға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу