Жол-көлік оқиғасы көшедегі бейнекамералардың біріне жазылып қалған.
Бейнежазбадан көшеде тұрған әйелдің жол ортасына барып жатқанын көруге болады. Бір сәтте оны қатты жылдамдықпен келген көлік қағып кетті.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 30 наурыз күні болған.
"Ауди" көлігінің 34 жастағы жүргізушісі 43 жастағы жүргіншіні соқты.
Жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетті. Полиция қызметкерлері ер адамды жедел түрде анықтады.
Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау мақсатында барлық тиісті шаралар қолға алынды. Оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады", - делінген баспасөз хабарламасында.