Петропавлдағы апат: Авариялық бригадалар тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр

589

Петропавлда болған коммуналдық апаттың салдары толық жойылған жоқ, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Петропавлдағы апат: Авариялық бригадалар тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр Фото: nege.kz

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, жарылған су құбыры тозуына байланысты 2019 жылы жұмыстар жүргізіліп, 300 метрі ауыстырылған. Оған 87 млн теңге жұмсалған. Мердігер компания – елордадағы "Ремстройсервис" ЖШС.

Бөлімнің баспасөз хатшысы Әсем Айтулованың айтуынша, су құбырын жаңғырту жұмысы келісім бойынша толық атқарылды. Нысан өткен жылы пайдалануға берілген.

"Әзірге апаттың себебі толық анықталған жоқ. Егер де жұмыстың сапасыз атқарылғаны дәлелденсе, онда мердігер барлық тұрғынға материалдық шығынның орнын толтырады. Ал әкімдік тарапынан бұл ұйымға қатысты талап-тілек жолданады, қажет болған жағдайда сотқа жүгінеді. Кешеден бері мамандар сол аудандағы үйлерді аралап, зардап шеккен тұрғындарды анықтап жатыр", - деді ол.

Айта кету керек, 1 желтоқсан күні облыс орталығындағы Мағжан Жұмабаев көшесінің бойында су құбыры жарылған болатын. Коммуналдық апат салдарынан 15 көпқабатты тұрғын үй, балалар ауруханасы, бейімдеу орталығы мен 10-ға жуық кәсіпорын сусыз қалып, көшелерді су басты.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу