Петропавлдағы апат: Прокуратура түсінік берді

1229

Қаладағы үйлер жылусыз қалмау үшін тағы бір қазандық іске қосылған. 

Петропавлдағы апат: Прокуратура түсінік берді

Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасының құлауына қатысты облыстық прокуратура түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомство дерегінше, "Төтенде жағдай органдары машинистке қатысты құтқару-іздестіру жұмысын жүргізіп жатыр. Ол үйінділердің астында қалуы мүмкін".

СҚО прокуратурасы қала тұрғындарына қазандық агрегаттары істен шықпағанын атап өтті.

"Тұтынушыларға жылу энергиясын үздіксіз беру үшін резерв қазандық агрегаттары іске қосылды. Жылу энергиясын беру штаттық режимде жүзеге асырылады. Жалған ақпарат тарату фактілерінің жиілеп кетуіне байланысты азаматтарды тек ресми ақпарат көзіне сенуге шақырамыз", – деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

Айта кетейік, кеше Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы құлады. Бұл ақпаратты "Севказэнерго" компаниясының баспасөз қызметі растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу