Петропавлдағы апат: Жылу орталығының директоры мен бас инженері қамауға алынды

1274

Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Петропавлдағы апат: Жылу орталығының директоры мен бас инженері қамауға алынды Фото: 24.kz

Петропавлда екінші жылу электр орталығының директоры мен бас инженері уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы СҚО прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство дерегінше, қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Биыл 21 наурызда СҚО полиция қызметкерлері "2-ЖЭО" ЖШС директоры мен бас инженерін ұстап, қаладағы полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамады.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бұл іс бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіледі. Тергеу барысын облыс прокуроры мен полиция департаменті басшысы бақылауға алды", – деп жазылған облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

Сондай-ақ ведомство бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізілетінін, оның нәтижесі бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне баға берілетінін атап өтті.

Сонымен қатар құтқарушылар апат кезінде хабар-ошарсыз кеткен жұмысшы әйелді іздеп жатыр. Кеше облыстық прокуратура жұмысшыны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Еске салайық, 20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы құлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу