Петропавлдағы бүтін бір отбасының өлімі: күдіктілер ұсталды

583

Аталған қылмысқа қатысты тергеу жүргізілуде.

Петропавлдағы бүтін бір отбасының өлімі: күдіктілер ұсталды Фото: rbc.ua

Петропавлда Жұмысшы кентіндегі жер үйлердің бірінде ерлі-зайыпты мен олардың 17 жасар ұлын өлтіріп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Qazaqstаn Media сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы хабарлама полицейлерге 28 желтоқсан күні сағат 13:25-те келіп түскен. 

Оқиға болған баспанаға жеткен тәртіп сақшылары үйден зорлық-зомбылықтың белгілері бар 3 жансыз денені анықтады. 

Аталған факт ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Екі немесе одан көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

"Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының 2 тұрғынын ізін суытпай ұстады. Күдіктілер Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс облыстық прокуратура мен полиция департаментінің бақылауында. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінде.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлдағы жеке үйлердің бірінде бір отбасының үш адамын өлтіріп кеткенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу