Петропавлдағы жарылыс: көпқабатты үй тұрғындарының шығыны өтеле ме

1141

Петропавлда көпқабатты тұрғын үйдегі жарылыстан 2 адам қаза тауып, 12 тұрғын зардап шеккен болатын.

Петропавлдағы жарылыс: көпқабатты үй тұрғындарының шығыны өтеле ме

Бүгінде арнайы комиссия жарылыс пен өрттен зардап шеккен пәтер иелеріне төленетін шығын мен өтемақы мөлшерін есептеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігі агенттік тілшісіне жарылыс болған бесқабатты үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан. Сондай-ақ бүгінде арнайы комиссия жарылыс пен өрттен зардап шеккен пәтер иелеріне төленетін шығын мен өтемақы мөлшерін есептеп жатыр. Ал жарылыстан зардап шеккендер ауруханада емделуде.

"Қазір 8 адам ауруханада жатыр. Ал жарылыстан зардап шеккен 10 жастағы бала ауруханадан шығуға дайындалуда", - деді облыс денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне.

Басқарма өкілінің сөзінше, қазір жансақтау бөлімінде 2 адам жатыр, олардың жағдайы ауыр.

"Ер адамның жағдайы ауыр, ал қыздың жағдайы өте ауыр", - деді ол.

Айта кетейік, Петропавлда 21 ақпанда шамамен сағат 16.00-де бесқабатты үйдің бірінші қабатында газ баллоны жарылған еді. Салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 12 адам зардап шекті.

Оқиға орнына облыс орталығының барлық өрт сөндіру бөлімі мен облыс ТЖД Жедел-құтқару жасағы бөлімі барды. Бес қабатты үйден 120 адам эвакуацияланды. Олар мектепке орналастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу