Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Руслан Әкімжанұлы Аңбаев 1978 жылы СҚО Целинное ауылында дүниеге келген.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін тәмамдаған. Мамандығы – экономист-менеджер, сонымен қатар агроном, заңгер мамандықтары бойынща жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша Салық комитеті тексеру басқармасының аға салық инспекторы болып бастады.
2002-2015 жылдар аралығында Есіл, Тайынша, Тимирязев аудандарының салық органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2015 жылдан 2019 жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.
2019-2020 жылдары Мамлют ауданында әкім болып жалғастырды.
2020 жылдың қазан айынан – Тайынша ауданының әкімі.
2023 жылдың 5 тамызында Руслан Аңбаев Петропавл қаласы әкімі болып қызметке кіріскен еді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавл қаласының әкімі тағайындалғанын жазған болатынбыз.