Pfizer акциялары арзандап жатыр

473

Екпенің қолданылуына әзірге тек Британия рұқсат берді.

Pfizer акциялары арзандап жатыр

Сауда қорытындысы бойынша Pfizer фармацевтикалық компаниясының акциялары шамамен 2%-ға арзандады. Бұл туралы CNBC басылымы хабарлады. Бұған компанияның жыл соңына дейін жоспарланған 100 миллион вакцинаның тек жартысын өндіреміз деп мәлімдеуі себеп болды.

Pfizer өкілі Эми Роуздың айтуынша, мұндай шешім қабылдауға бірнеше фактор әсер еткен. Компания препарт жасауға арналған шикізаттың жеткілікті мөлшерін қабылдап үлгермегенін мәлім етті. Бірақ Роуз 2021 жылдың соңына қарай компания 1,3 млрд вакцина өндіруге қауқарлы екенін жеткізді. 

Ескере кететін жайт, Pfizer жасаған екпенің қолданылуына әзірге тек Британия рұқсатын берді.

Табиғат Нұрболат

Фото: investing.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу