Осыған байланысты елде 29, 30 және 31 қазанда үш күндік аза тұту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
RTVE телеарнасының мәліметінше, елді дүр сілкіндірген апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Құзырлы органдар мен төтенше жағдайлар қызметтері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Апат Iryo және Renfe компанияларына тиесілі пойыздардың соқтығысуынан болған. Екі пойызда 500-ден астам жолаушы болған. Ондаған адам жарақат алды. Қаза тапқандар саны әлі де өсуі мүмкін. Қазір Мадрид пен Андалусия арасындағы жүрдек пойыздар екі бағытта да қатынамайды.
Испания премьер-министрі Педро Санчес апат болған жерге барып, егер оқиғаға немқұрайлылық себеп болғаны анықталса, кінәлілер қатаң жазаланатынын мәлімдеді.
Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайларға әрекет ету бөлімшесінің шамамен 200 әскери қызметкері жұмылдырылды. Олар қираған вагондардың ішінде қысылып қалуы мүмкін адамдарды іздестіріп жатыр.
Қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендердің туыстарына көмектесу үшін Мадрид, Толедо, Кордова және Севилья қалаларында арнайы орталықтар ашылды. Онда марқұмдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп, ДНҚ үлгілері жиналып жатыр.
Елде аза тұту жарияланған тұста билік өкілдері апат туралы жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Әлеуметтік желілерде жасанды интеллект көмегімен жасалған жалған видеолар мен суреттер таралған.
Еске салайық, бұған дейін Испанияның Толедо провинциясында екі жолаушылар пойызының соқтығысқаны туралы жаздық.