Пойызда алкогольдік ішімдік ішкен жолаушы жауапқа тартылды

548

Көлік полицейлері жолаушыға пойызда темекі шеккені және алкогольдік ішімдік ішкені үшін айыппұл салды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Пойызда алкогольдік ішімдік ішкен жолаушы жауапқа тартылды Фото: Хабар24

Ақтөбе станциясына Орал – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы келгеннен кейін желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріер адамды акт бойынша түсіріп алған. 

Тексеру барысында көлік полицейлері Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын анықтады. Ол масаң күйінде вагонныңтамбурында темекі шегіп, пойыз бригадасынын ескертулеріне құлақ аспаған. 

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы және 441-бабы  бойынша екі әкімшілік материал толтырылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.  

Еске сала кетсек,  жыл басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 10650 құқық бұзушыны жауапқа тартты. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 1161 адам, темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін 388 адам жазаланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу