Пойызға соғысқан көліктегі 6 адам қаза тапты

654

Меркі ауданының Қарасу ауылындағы теміржол өткелінде жеңіл автокөлік пойызға соғысып, 6 адам қаза тапты. Бұл оқиға бүгін таңғы 8-дер  шамасында орын алған. 

Пойызға соғысқан көліктегі 6 адам қаза тапты Фото: inbusiness.kz

Апат орын алғаны туралы хабарлама Түркісіб стансасындағы желілік полиция бөлімінен сағат 08.55 шамасында түскен. Audi көлігінің ішінде 6 адам болған.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова қазір оқиға орнында кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Осы дерекке қатысты қажетті сараптамалар тағайындалып, Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу