Полицейге пара бермек болған елордалық жүргізуші айыппұл арқалады

572

Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық соты лауазымды адамға пара беруге оқталғаны үшін жүргізушіге қатысты айыптау үкімін шығарды. 

Полицейге пара бермек болған елордалық жүргізуші айыппұл арқалады Фото: astana.sud.kz

Тұрғынға 168 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ақпаратқа сәйкес, патрульдік полиция азамат Т.-ның көлігін тоқтатады. Белгілі болғандай, жүргізушінің сақтандыру полисі болмаған.

Қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартудан жалтару мақсатында полиция инспекторына 15 мың теңге көлемінде ақша ұсынған. Лауазымды адамның пара алудан бас тартуына байланысты қылмыс соңына дейін жеткізілмеді.

Азамат Т. өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан.

“Сот үкімімен азамат Т. Қылмыстық Кодекстің 24-бабының 3-бабында, 367-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 168 750 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалып, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды”, - делінген  Астана қалалық соты таратқан ақпаратта.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу