Еске сала кетсек, 21 шілдеде "Астана-Петропавл" автожолында 8 тоннаға жуық лак-бояу материалын тасымалдаған Volvo маркалы жүк көлігі аударылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
"Астана-Петропавл" республикалық автожолында жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін Ақмола облысының полицейлері автокөліктерді алып жүруді ұйымдастырды.
Қазіргі уақытта жол қызметтері жол төсемінен бояуды жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Автожолда көлік қозғалысы шектеулі.
Полицейлер жүргізушілерден уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды және патрульдік полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды сұрайды.