Полиция жолдағы балалар өлімін азайту үшін қандай шаралар қабылдауда?

Соңғы 2 аптада мектептер маңындағы жол таңбалары және басқа да жол жүрісін реттеу құралдарымен жабдықталуын бақылау үшін 1 700-ден астам тексеру жүргізілді.

Полиция жолдағы балалар өлімін азайту үшін қандай шаралар қабылдауда? Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

"Ішкі істер министрлігі жолдағы балалардың өлімін азайту үшін шаралар қабылдауда. Біз балалардың жол-көлік жарақатын насихаттау және алдын алу бойынша белсенді жұмыс істейміз, жағдайды тұрақтандыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргіземіз. Мысалы, "Қауіпсіз мектеп автобусы", "Абайлаңыз, балалар!", "Абайлаңыз-жаяу жүргінші!", "Ата-аналар, балалардың өмірін сақтайық!", "Балалар, жолда абай болыңдар!", "Сіздің жолаушыңыз-бала!", "Мектепке жол" және тағы басқалар", – деді спикер. 

Бұл ретте инспекторы Ақтоты Боранова балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында барлық оқу орындарында тұрақты негізде жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын сақтауына және балаларды тасымалдау кезінде балалардың ұстау құрылғыларын пайдалануға бағытталған құқықтық түсіндірулер мен насихат жұмыстары жүргізілетінін айтты. 

"Білім беру мекемелерінің жанындағы жол инфрақұрылымы да тұрақты бақылауда екенін атап өтемін. Соңғы 2 аптада жаяу жүргіншілер өткелдерінің жол белгілерімен, жол таңбаларымен, қоршаулармен және басқа да жол жүрісін реттеу құралдарымен жабдықталуына тексеру үшін мектеп аумағында жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен 1 700-ден астам тексеру жүргізілді. Нәтижесінде табылған кемшіліктерді жою үшін 200-ден астам нұсқама берілді", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу