Польша шекарадағы әскерін күшейтуге кірісті

382

Польша Ресей мен Беларусь шекарасына 40 мың сарбазын орналастырады.   

Польша шекарадағы әскерін күшейтуге кірісті Фото: tochka.by

Бұл туралы осы елдің Қорғаныс министрінің орынбасары Цезари Томчик хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Варшава барлық шекара бекеттерін жауып, 3 айға ұшуды шектеді. Кеше Польша Ресей дрондарының әуе кеңістігін бұзуына байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақыру туралы өтініш жасады.

Қазір БҰҰ-да жиынның нақты күні қарастырылып жатыр.

Бұған дейін 19 ресейлік дрон Польшаның әуе кеңістігін бұзып өтті. Олардың бір бөлігі атып түсірілген, осыдан кейін Польша мен НАТО авиациясы әуеге көтерілген. Бұл – Ресей Украинаға соғыс ашқалы бері НАТО елі аумағында ресейлік дрондардың алғаш рет атып түсірілуі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу