Премьер-министр әкімдерге ұсынысқа ұқсас тапсырма берді

Мүгедектігі бар адамдардан келетін арыз-шағым, ұсыныс азаймай тұр. 

Премьер-министр әкімдерге ұсынысқа ұқсас тапсырма берді Фото: Үкімет

Сондықтан, қоғамда әлеуметтік қызметкердің жұмысын жандандыру маңызды саналып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Биыл мемлекеттік органдарға мүгедектігі бар жандардан 16 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Премьер-министр Олжас Бектенов арыз-шағымдардың негізгі бөлігі сараптама, куәландыру, оңалту мен жұмысқа орналасуға қатысты екеніне тоқталды. Сондай-ақ, ол әкімдерге өз ұсынысын айтып, тәжірибе ретінде пайдалануға шақырды. 

– Еңбек министрі мен Алматы қаласының әкімі мүгедектігі бар штаттан тыс кеңесшімен жұмыс істейді, ол осы санаттағы азаматтардың проблемаларын шешуге көмектеседі. Бұл тәжірибені барлық өңір мен мүдделі мемлекеттік орган пайдалануы тиіс. Әлеуметтік саясаттың жаңа стандарттарын жасау мен ілгерілету жұмысын жалғастыру қажет.

Инновациялық технологияларды әзірлеу және оларды әлеуметтік қамсыздандыру мен қорғау жүйесіне енгізу – өте өзекті мәселе. Оның барлығы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан Инклюзивті саясат жөніндегі тұжырымдамада көрініс табуға тиіс, - деді Үкімет басшысы. 

Бұған дейін Олжас Бектенов Үкімет отырсында мүгедектерге қатысты мәселенің көп екенін айтқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу