Мемлекет басшысы ұшақтың құтқарушылары мен жолаушыларына көмек көрсеткені үшін Алматы қаласы мен Алматы облысы Гүлдала кенті тұрғындарына алғыс айтты.
"Қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған Алматы облысы Гүлдала ауылы тұрғындарына алғыс айтамын. Олар тамақ дайындап, ыстық шәй таратты. Алматылық донарларға көп рақмет. Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті", - деп жазды Президент Твиттерде.
Еске сала кетсек, жұма күні таңғы сағат 07.05-те №Z2100 рейсі радардан жоғалғаны туралы хабарланған болатын. Сағат 07.22-де "Бэк Эйр" әуе комипаниясының ұшағы Алматы–Нұр-Сұлтан бағытында ұшып шығып, биіктікті сақтай алмай, қос қабатты ғимаратқа соғылғаны белгілі болатын.