Осы орайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең бірінші жобаны қаржыландыру мәселесін шешіп алу керегін еске салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Жеңіл рельсті көлік жобасы да өте маңызды. Көп ұзамай оны толық іске қосу керек. Мен жеңіл рельсті көлік желісін ұзарту туралы ұсынысты қолдаймын.
Бұл қадам көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Үкімет, ең алдымен, жобаны қаржыландыру мәселесін шешуге тиіс.
Сондай-ақ Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол салу туралы ұсынысқа қолдау білдіремін. Жобаның құжаттарын келесі жылы әзірлеп, 2027 жылы құрылысты бастау қажет.
Бұған қоса, Үкімет әкімдікпен бірлесіп, Тәуелсіздік даңғылын ұзарту жұмысын жалғастыруы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Президент Астана тек орталық көшелері айнадай жарқырап тұратын қала болмауы тиіс екенін жауаптыларға ескертіп өткен еді.