Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ – Берік Уәли

907

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ – Берік Уәли

"Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетін болады", – деп жазды Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетсек бұған дейін WhatsApp мессенджерінде Қазақстанға 70 мың ауған азаматы келеді деген жалған ақпарат тараған болатын. Оның 500-і ұшақпен Шымкент әуежайына келген, алдағы уақытта тағы 1500 адам келетіні туралы мәлімет жарияланған. Алайда Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды

Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізген
"Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұлттық мүддесін ескере отырып, шұғыл әрекет ету шаралары және біздің елдің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды", – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу