Президент хиджаб кию туралы заң қабылдауды уақытша тоқтатты

Парламент аталған заңды қатаңдатуға шешім шығарған. 

Президент хиджаб кию туралы заң қабылдауды уақытша тоқтатты Фото: Sobhan Farajvan

Десе де, Иран президенті Масуд Пезешкян әлеуметтік наразылықтың күшейе түсетінін алға тартып, заңның күшін жойып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты BILD басылымына сілтеме жасап.

Жаңа заңда шаралардың қатаңдатылуы, қомақты айыппұл төлеу және шетелге шығуға тыйым салу да қарастырылған-ды. Сонымен қатар, белгілі тұлғалар заң бұзған жағдайда, мүлкі тәркіленеді.

Осыған дейін ирандық әнші Парасту Ахмадидің хиджабсыз онлайн концерт өткізгені, сол үшін жазаланғанын хабарлаған едік.  Осы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, көпшіліктің қарсылығына алып келген. Әнші мен топ мүшелері "ислам нормаларын бұзғаны үшін" қамауға алынғанымен, көп ұзамай босатылғаны хабарланды.

Масуд Пезешкян бұл мәселені Ирандағы негізгі шешімдерді қабылдайтын орган – Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесіне тапсырып отыр. Білетіндер мұның соңы заң күшінің ішінара жойылуына әкелуі мүмкін екенін айтады.

Осылайша, қоғамдағы қысым мен үкіметтегі келіспеушіліктердің себебі заңды қабылдауды уақытша тоқтатуға тура келіп тұр. Жазаның қатаң болуын қаламағандар міндетті хиджабқа ашық түрде қарсылық білдіруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу