"Бұл жеңісіңіз отандастарыңыздың Сізге және Қытайдың саяси-экономикалық іргесін нығайтуға, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған дана да көреген саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз.
Сіздің басшылығыңызбен еліңіз бүгіннен де биік белестерге жете беруіне шынайы тілектестігімді білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.
Бұған дейін Си Цзиньпиннің Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы болып қайта сайланғанын жазған едік.