banner

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Наурыз мерекесімен құттықтады

3057

Ұлыстың ұлы күнін бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы дейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Наурыз мерекесімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Наурыз мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мерекемен құттықтай келе осынау мерекенің маңызына тоқталады.

"Бәрімізді қуаныш пен сүйіспеншілік сезіміне бөлейтін бұл мереке – бейбітшілік пен жақсылықтың нышаны. Оның философиялық мәні зор және бүкіләлемдік мәдени сипаты бар. Көне заманнан бастау алатын осынау мейрам жаңару мен жаңа өмірдің басталу сәтін сипаттайды", – дейді президент.

Ұлыстың ұлы күнін бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы дейді.

"Бүгінде Наурыз – ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасындағы достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрам. Оның мәңгілік мәні – ең жоғары құндылығымыз бен ортақ байлығымызды – халықтың ынтымағын бекемдеу. "Бірлік бар жерде, тірлік бар" дейді халық даналығы. Әз-Наурыз әр отбасына бақ-береке әкелсін!", – делінген президент құттықтауында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу