Президент: Кипр – Қазақстанның Еуропадағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі

362

Никос Христодулидис осыдан 7 жыл бұрын Кипрдің сыртқы істер министрі ретінде Астанаға келген.  

Президент: Кипр – Қазақстанның Еуропадағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген үшін Кипр президенті Никос Христодулидиске шынайы ризашылығын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Астанаға ресми сапармен келгені үшін Кипр президентіне шынайы ризашылығын білдірді.

"Бұл – Кипр басшысының елімізге президент ретінде жасаған алғашқы сапары. Осы тарихи оқиға мемлекеттеріміздің ынтымақтастығын жаңа белеске көтеретіні анық. Кипр республикасы – Қазақстанның Еуропадағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы саяси диалог жыл өткен сайын күшейе түсуде. Қадірлі Христодулидис мырза осыдан 7 жыл бұрын Кипрдің сыртқы істер министрі ретінде Астанаға арнайы келген болатын", – деді Мемлекет басшысы.  

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізгенін жазғанбыз.  Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентін Тәуелсіздік сарайында қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентін I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу