"Менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігінің басшысы Б.Сағынтаев пен үкімет мүшелері көпбалалы аналармен кездесті. Көтерілген мәселелер ертең жұмыс тобының аясында қаралады. Проблемаларды заңға сәйкес, іскерлік жағдайда шешу қажет",– деп жазды Президент twitter-де.
Өткен дүйсенбі күні 70-ке жуық ана Үкімет пен Парламент үйінің алдына жиналып, тұрғын үй мәселесін шешуді сұрап, Президенттің кездесуін талап еткен болатын. Оларды қала әкімі Бақыт Сұлтанов пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қабылдап, сұрақтарына жауап берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу