Президент қызмет бабында қайтыс болған марқұм полицейді марапаттады

232

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм полицей Шалхар Байжомартовты ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент қызмет бабында қайтыс болған марқұм полицейді марапаттады Фото: Алматы облысы ПД

Мемлекеттік награданы марқұмның әкесіне ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Алматы облысы полиция департаментіне жұмыс сапары барысында табыстады.

Ол отбасына көңіл айтып, аға лейтенант Байжомартовтың ерлігі мен қызметіне адалдығы туралы айтты.

"Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте және тәртіпті қамтамасыз етуде әрдайым алдыңғы қатарда. Шалхар Байжомартов өз өмірін құрбан ете отырып, Отанына адал қызмет еткенін дәлелдеді", – деді Айдар Сайтбеков.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2024 жылы 20 желтоқсанда болды. Жол апатын тіркеу кезінде көлік жүргізушілерінің бірі тізгінге ие бола алмай, полицейді қызметтік көлікке қысып, оның өліміне себеп болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу