Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Масімовке рақымшылық жасаудан бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәсімовтің кешірім беру туралы өтініші 27 маусымда кешірім беру мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды.
"Мәсімовке рақымшылық актісін қолдану мүмкіндігін зерделеу қорытындысы бойынша комиссия мемлекет басшысына тиісті ұсыныс енгізді. Ол келісті", - деп хабарлады президент әкімшілігі.
Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары 2 бап бойынша тергеліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу