Президент СҚО мен басқа да елдімекендерді тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды

1267

Апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған болатын.

Президент СҚО мен басқа да елдімекендерді тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Петропавл қаласындағы жылу электр орталығында болған апат салдарын жою жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Әкімнің айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, ТЖМ-нің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген. Компания басшысы – жылу электр орталығының меншік иесі келеді деп күтілуде. Президент облыс орталығы мен басқа да елдімекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу