Президент Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

645

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.  

Президент Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады Фото: akorda.kz

 Еске сала кетсек, Түркияның оңтүстік-шығысында Кахраманмараш провинциясында 7,4 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан қаза тапқандар саны 100-ге жетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Президент Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу